Кришнаның майлы шары

Бұл дөңгелек шар тәріздес тас Үндістанның Махабалипурама штатында орналасқан. Оның биіктігі 7 метрге жетеді. Ені де ұзындығына шамалас. Бұл тасты жергілікті халық «Кришнаның майлы шары» немесе «Ваанираи Кал» деп атайды.

Салмағы 250 тоннадай тартатын дөңгелек тастың беті жылтыр еңісте қалай тепе-теңдік сақтап тұрғаны таңқалдырады. Зерттеушілердің айтуынша, оның мұнда тұрғанына 1200 жыл болған. 1908 жылы Мадрастың сол кездегі губернаторы Артур Лоли бұл тасты жергілікті тұрғындар үшін қауіпті деп, оны алып тастау үшін жеті бірдей пілдің күшін пайдаланып көрген екен. Бірақ, «Кришнаның майлы шары» былқ етпепті. Содан бері бір сантиметр де жылжымаған ерекше тас тұрған жер туристер жиі келетін көрнекті орындардың біріне айналған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.