Қызықты деректер

* Жүктілік кезінде әйелдің миы кішірейеді. Ол бастапқы қалпына келуі үшін босанғаннан кейін алты ай қажет болады.
* Адамның сілекейінде ауруды басатын морфиннен алты есе күшті зат бар. Ол опиорфин деп аталады.
* Жалғыздық иммунитетті әлсіретеді, ал отбасы мен досы барлардың иммунитеті 60%-ға күшті болады.
* Температура тәбетке әсер етеді. Жаураған адам екі есе көп тамақ жейді.
* Сол жақ өкпе оң жақ өкпеден кішірек, себебі ол жүрекке орын беруі керек.
* Теңіз шаянының қаны түссіз келеді, алайда оттегімен әрекеттескен сәтте көк түске ауысады.
* Күні бойы кірпік қаққан сәттердің бәрін қосқанда бір күнде 30 минут көзді жұмып тұрғанмен бірдей болады.
* Адамның миы күндізге қарағанда, ұйықтап жатқанда белсендірек жұмыс істейді.
* Жер бетіндегі өсімдіктердің 85%-ы мұхитта өмір сүреді.
* Кемпірқосақты тек таңертең және кешке ғана көруге болады.
* Құлпынай – өз ұрығын өз ішінде өсіретін жалғыз жеміс.
* Сиырдың алдыңғы жоғарғы тістері болмайды.
* Таңертең ұйқыны ашуға кофеден гөрі алма жақсы көмектеседі.
* Ең сезімтал саусақ – сұқ саусақ.
* Марстың қызыл болып көріну себебі – бұл ғаламшардың бетін тат басқан.
* Сиырлар тыныштандырғыш әуеннің әсерімен жақсы сүт береді.
* Жыланның асқазанындағы қышқыл сүйек пен тісті ерітіп жібере алады, бірақ жүн мен шашқа күші жетпейді.
* Адамның жамбас сүйегі бетоннан да күшті.
* Акулалардың адамзатқа белгілі барлық ауруларға қарсы иммунитеті бар.
* Ыстық су суық суға қарағанда тезірек мұзға айналады.
* Ең белсенді бұлшықет көзде орналасқан.
* Жаңбыр суының құрамында B12 дәрумені бар.
* Қолтырауындар түсті ажырата алмайды.
* Акуланың тісінің беріктігі болатпен бірдей.
* Шегірткенің қаны ақ түсті.
* Көгершіннің сүйегінен қауырсындары ауыр келеді.
* Ең көп таралған ауру – тіс жегісі.
* Керіктің қан қысымы барлық жануардыкінен жоғары.
* Акулалар ұйықтап жатқанда да қозғалуын тоқтатпайды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.