Полицейлер ұшаққа ауысты

Жақында өткен GITEX атты аса жоғары технологиялар көрмесінде полицейлерге арналған шағын ұшақ аппараты көрсетілді. Ең алғашқы «квадро-мульти-цикл-коптер», немесе жай ғана ұшатын скутер қылмыскерлерді қас пен көздің арасында қуып жетіп, тырп еткізбей ұстауға көмектеспек.

Авторлардың айтуынша, бұл аппарат бір адамды алып жүре алады және 5 метрге дейінгі биіктікке көтеріледі. Ең жоғары жылдамдығы – сағатына 70 шақырым. Полициялық ховербайкты ұшқышсыз да басқаруға болады. Бұл жағдайда жылдамдығы 100 шақырымға жетеді.

Алайда соңғы 2 жылда көптеген елдер қашықтықтан басқарылатын аппараттарға тыйым салуда. Сондықтан, бұл технологияның қаншалықты тиімді екені әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.