«Сельветта» салаты

Құрамы: 2 қалта «Кириешки» кепкен наны, 6 піскен жұмыртқа, 200 г шаян таяқшасы, 1 қалбыр консервіленген жүгері, 1 қалбыр консервіленген балық, 3 бөлік сарымсақ, 100 г майонез.

Дайындалуы: Консервіленген балықты шанышқымен жаншып, еземіз. Шаян таяқшасы мен піскен жұмыртқаны төртбұрыштап, сарымсақты майдалап тураймыз. Балыққа кепкен нанды, жүгеріні, шаян таяқшасы мен жұмыртқаны, сарымсақ пен майонезді қосып, жақсылап араластырамыз. Салатты ыдысқа салған соң, бетін аскөкпен әрлеп, дастарханға ұсынуға болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.