Қыздарды ай көрсетер 30 кеңес

  1. Бетке әжім ерте түспеуі үшін бетке бал жағуды әдетке айналдырыңыз.
  2. Ұйықтар алдында бетке майсана майын жағыңыз.
  3. Егер шашыңыз қатты түсе берсе, бас терісіне шоңайна тұнбасын жағыңыз.
  4. Лимонның шырынын сығып алғаннан қалған сығындысын қол терісі мен шынтаққа жағып жүрсеңіз, мүйізгектерді кетіреді.
  5. Егер қолыңыз жарылып, жарғақтанып кетсе, оған крахмал ботқасын жағыңыз.
  6. Опаның орнына азырақ крахмал ұнтағын қолдануға болады.
  7. Егер шашыңыз майлы болса, күн сайын немесе күнара бас терісіне қара шайдың самасын жағыңыз.
  8. Табиғи кофені жақсы көретін болсаңыз, оны қайнатқаннан қалған тұнбасын бірнеше күн жинаңыз. Онымен денеңізге пилинг жасауға болады.
  9. Егер теріңіз құрғақ болса, жаңа сығылған 1-1,5 ас қасық шырғанақ шырынымен маска жасаңыз.
  10. Шашыңызға әдемі қызыл раңк бергіңіз келсе, шаш бояйтын қаптамадағы қынаға 3-4 ас қасық какао қосыңыз.
  11. Шашыңыз сирей бастаса, күн сайын бас терісіне дәріханалық жожоба майын жағыңыз.
  12. Құрғақ теріні жұмсартып, сергітуге аюбадам гүлдерінің тұнбасы көмектеседі.
  13. Құрғақ және сезімтал теріні ылғалдандыру үшін түнге қарай азырақ сумен араластырылған жожоба майын жағып жатыңыз.
  14. Егер тырнағыңыз қарайса, күн сайын тамақтанардан жарты сағат бұрын 1 ас қасық қияр тұздығын ішіңіз.
  15. Беттің түсін жақсартуға бал мен тұз қоспасынан жасалған маска көмектеседі. Бұл масканың жасартқыш әсері бар.
  16. Безеумен күресте табиғи антисептик болып табылатын лаванда мен шай ағашы эфир майларының көмегі көп.
  17. Таңертең және кешке бет терісін қайнаған минералды суға демделген шаймен сүртіңіз.
  18. Күн сайын жалбыз шайын ішіңіз, сонда теріңіз балғындық пен нәзік реңкке ие болады.
  19. Кірпікті өсіру үшін оған майсана майын немесе осы майды ром шарабымен араластырып жағыңыз.
  20. Бет терісін терең тазарту үшін оған жұмыртқаны сарысы мен лимон шырынын қабаттап жағыңыз.
  21. Қол терісін жұмсарту үшін бірдей мөлшердегі сіркесу мен өсімдік майының қоспасын жағыңыз.
  22. Қол мен бет терісін жасарту үшін ұйықтар алдында зәйтүн майы мен лимон шырынын бірдей мөлшерде араластырып жағыңыз.
  23. Теріні тазарту үшін құрғақ сұлы ұлпасын сумен және айранмен араластырып жаққан жақсы.
  24. Терідегі бөртпелерден құтылғыңыз келсе, үккіштен өткізілген алмаға азырақ бал қосып, маска жасаңыз.
  25. Жүктілік кезінде қарын терісі жыртылмауы үшін какао майын жағу керек.
  26. Аллергия кезінде 1:3 мөлшерімен каланхоэ мен суды араластырып, осы суға батырылған мақтаны зақымдалған теріні сүртіңіз.
  27. Шаштың түбін нығайту үшін түссіз қынаға жылы айранды араластырып жаққан пайдалы.
  28. Суға езіліп піскен қарақұмықты бас терісіне ысқылап жағу да шаштың түбін нығайтуға көмектеседі.
  29. Шашты қалыңдату үшін 1 жұмыртқаның сарысы мен 1 ас қасық өсімдік майын жағу керек.
  30. Шашты жылтыр және күшті етуге иіртамыр, шоқайна мен қалақай жапырағының тұнбасы көмектеседі. Бұл қоспамен басты жуу керек.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.