«Клуб-ауыл айнасы» облыстық семинар-кеңес өтті

Облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Бəйдібек ауданындағы Екпінді ауылдық клубында « Клуб-ауыл айнасы»  облыстық семинар — кеңес  өтті.
Басқосу- ауылдың мəдени келбетін танытатын  қолөнер жəне қылқалам иелерінің туындыларынан құралған көрмені тамашалаудан бастау алды.
Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауыл тұрғындарына мәдени  қызмет көрсетуді жақсарту, мәдениет мекемелерінің шығармашылық, ұйымдастырушылық жұмыстарын, кәсіби біліктілігін көтеру бағытында қазіргі заман талабына сай клуб жұмыстарының жаңа инновациялық түрлері мен технологиясын меңгеру, оларды кеңінен пайдалану және халық шығармашылығын дамыту мақсатында өткізілген басқосуда халықтың бос уақытын тиімді пайдаланудағы ауылдық клубтардың рөлі мен орны, бүгінгі тынысы мен елге мəдени қызмет көрсету тақырыптары аясында баяндамалар оқылып, қатысушылар көкейдегі көптеген сауалдары мен пікірлерін ортаға салды.
Семинар барысында Екпінді ауылдық клубының көркемөнерпаздары «Тұсау кесер» сахналық көрінісін көрсетіп, мəдениет ошақтарында үйірме жұмыстарын жандандырумен қатар, салт-дəстүрді кеңінен насихаттайтын шаралар да тұрақты қолға алынуы қажеттігі айтылды.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда Екпінді ауылдық клубында домбыра тарту, би жəне драма үйірмелері жас өнерпаздарды баулып, дарындарын шыңдауда ауданда үздіктігімен мəлім.
Осы орайда, семинар-кеңес соңында үйірме қатысушылары жылдың жемісті еңбегіне есеп беруге арналған концерттік бағдарламасын берді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.