ЖЫЛ ЖЕМІСІ: ОҚО СПОРТШЫЛАРЫ БИЫЛ 1454 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары 2017 жылды жемісті аяқтады. Себебі олар түрлі спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 400 алтын, 396 күміс, 393 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында 78  алтын, 53  күміс және 42 қола медальге ие болды. Ал осы мерзім аралығында оғландарымыз түрлі спорт бойынша өткен Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 34  алтын, 21 күміс және 37 қола медаль жеңіп алды. Осылайша оңтүстікқазақстандық спортшылар жыл басынан бері түрлі спорт түрінен 1454 медальға қол жеткізді. Бұл Елбасының қазақстандық спортқа көрсетіліп жатқан қолдауы мен  спорттың дамуына үлкен мән берілуінің арқасы деп білеміз»,- дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері.

Мамандардың айтуынша, жалпы облыс көлемінде 63 спорт түрлері дамытылуда. Ал, өңірде осы жылы 8 Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, 34 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 173 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 794 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалған.

Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс аумағында 4614 іс-шаралар өткізіліп, оған 541 мыңнан аса адам қатысты. Ауылды жерлерде  2884 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 332 мың адам қамтылды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны  767,8 мыңнан астам адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 26,3 пайызды құрады.

Бұдан бөлек, Қазақстан премьер-лигасының 30-турында «Ордабасы» футбол клубы өз тарихында бірінші рет қола жүлдегер атанып, келер жылы Еуропа лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.