Жас көрінгіңіз келе ме?

«Адамның қолы – әйелдің екінші беті» деген бар. Себебі, әйелдің қолына қарап, оның өзі және жасы туралы көп ақпарат алуға болады. Сондықтан, сізді өзгелер жас санасын десеңіз, қол күтіміне көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн. Ол үшін біздің үй жағдайында қолдануға болатын бірнеше кеңесімізді пайдаланып көріңіз.

 * Жұмыртқа ақуызы 

Бір жұмыртқаның ақуызын бір ас қасық балмен араластырып, қолыңызға жағыңыз. Маска әбден кепкен соң, жылы сумен жақсылап жуыңыз. Артынан иісмай не кокос майын жағып қойыңыз.

* Қант пен лимон

Екеуін бірдей мөлшерде алып, араластырыңыз да, қолға жағыңыз. Біраз уақыттан кейін алдымен жылы сумен жуып, артынан бірден салқын сумен шайыңыз.

* Итмұрын майы

Теріңізді жақсы қоректендіретін бұл майды қолға күн сайын ұмытпай жағып жүріңіз. Артығын жуып тастаудың қажеті жоқ. Ол толықтай теріге сіңуі керек.

* Картоп

2 картопты суға пісіріп, езіңіз де, оған 2 ас қасықтан сүт, бал мен күнбағыс майын қосыңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз. Бұл масканы аптасына 2 рет жағып, 15 минуттан ұстау керек.

* Бадам майы

Майды қолға жағыңыз да, бірден салқын суға салып, бірнеше минут ұстаңыз. Сосын қолыңызға мол етіп қоректендіргіш иісмай жағып, бір түн бойы жұқа қолғап киіп жатыңыз. Таңертең өз қолыңызды танымай қаласыз!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.