* Ас мәзірі. «Жыл иесі» салаты

Құрамы:

300 г қақталған тауық еті, 6-7 картоп, 4-5 сәбіз, 5 жұмыртқа, 100 г балқытылған ірімшік, 150 г маринадталған саңырауқұлақ; 150 г майонез, тұз, қара бұрыш, бір кесек шұжық немесе ет.

Дайындалуы:

Алдымен жұмыртқаны, сәбіз бен картопты суға пісіріп алу керек. Сосын бәрін қабығынан тазартып, үккіштен өткіземіз. Бірақ, жұмыртқаның сарысы мен ағын бөлек-бөлек үгіту керек. Қақталған тауық еті мен маринадталған саңырауқұлақты ұсақтап төртбұрыштап тураймыз. Бірнеше саңырауқұлақты бүтіндей бөлек алып қоямыз.

Енді жайпақ ыдысқа үккіштен өткізілген картоптың жартысын салып, иттің тұмсығы мен құлағының пішінін келтіреміз. Бетіне майонез жағып, туралған тауық етін саламыз. Келесі қатар – жұмыртқаның ағы, одан кейін – саңырауқұлақ. Оның үстінен балқытылған ірімшікті үккіштен өткізіп саламыз. Ірімшік жақсы үгітілуі үшін алдын-ала 30 минут мұздатқышқа қойып алу керек. Келесі қатарда – үккіштен өткізілген сәбіз. Бұдан кейін картоптың қалғанын салып, жан-жағын жақсылап сығымдаймыз. Бетіне толықтай майонез жағамыз. Ең үстіне жұмыртқаның сарысын үккіштен өткізіп саламыз.

Енді шұжық не піскен етті еттартқыштан өткізіп, иттің құлағы мен аяғының және құйрығының пішінін келтіреміз. Бір саңырауқұлақты екіге бөліп, иттің көзін, бүтін саңырауқұлақтан мұрнын жасайыз. Салатымыз дайын.

Асыңыз дәмді болсын!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.