Шығыс жұлдызнамасы: ҚОЯН ЖЫЛЫ

Өткен Тауық Жылында Қоян белгісіндегілер басқа белгіде туылғандарға қарағанда екі есе көп жұмыс істеді. Сондықтан, алдағы Ит жылы еңбегінің лайықты жемісін жинап, өмірдің ләззатын татуға толық хақы бар.

Жұмыста бәрі керемет. Әріптестеріңіз сізді сыйлайды, сөзіңізге құлақ асады, ұсынысыңызды жерде қалдырмайды. Қаржылық жағдайыңыз тұрақты, табысыңыз күн санап артып, болашаққа деген сеніміңіз күшейе түседі. Жалғызбасты Қоян белгісіндегілер күтпеген жерден махаббатын жолықтырып, күзге қарай отбасын құруы мүмкін. Ал отбасылы жандардың ынтымағы бұрынғыдан да бекіп, мамыражай бақытты күндер орнайды.

Дегенмен, сіздің шат-шадыман өміріңізге бір ғана нәрсе қаяу түсіруі мүмкін. Ол – денсаулығыңыз. Жылдың алғашқы күндерінен-ақ ас қорыту жүйелері мазалай бастайды. Сондықтан, жыл бойы гастроэнтерологтың алдына жиі баруыңызға тура келуі ықтимал.

Жас бойжеткендер қуық-бүйрек және жыныс мүшелерінің қабынуынан біраз қиналуы мүмкін. Болмашы ғана тұмаудың өзін дер кезінде емдемесе, қатты асқынып, үлкен дертке жол ашып беруі ғажап емес. Сол себепті жылы киініп, суықтап қалмауға тырысыңыз.

Ал, жалпы, бұл сіз үшін ең сәтті жылдардың бірі болмақ!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.