Шығыс жұлдызнамасы: ҰЛУ ЖЫЛЫ

Ұлу жылы туылғандар үшін 2018 жыл әртүрлі оқиғаларға толы болмақ. Жан жадыратар қуанышпен қоса, өкінішке орай, жабырқатар ренішті сәттер де болмай тұрмайды. Әсіресе, әлдебір жақын адамыңызға қатысты бір жайсыз жағдай сіздің иығыңызға ауыр жүк артуы мүмкін.

Алғашқы бірнеше айда қаржылық жағдайыңыз онша болмайды. Сондықтан, әрбір тиыныңызды жоспарлап жұмсауды әзірден үйрене бергеніңіз дұрыс. Дегенмен, көктем шыға тапшылықтан құтыла бастайсыз. Бұған қызметіңіздің жоғарылауы немесе жалақыңыздың көбеюі себеп болуы мүмкін. Бірақ, тіпті ақша ағылып келсе де, оны пайдасыз нәрселерге жұмсамаңыз. Алдағы уақытта табысты бір іске салу үшін қомақты қаражат қажет болады. Бәлкім, жеке пәтер не автокөлік сатып аларсыз, бәрі де мүмкін.

Жазда жарақат алу қаупі бар. Сол себепті белсенді спорт түрлерімен айналысқанда, әсіресе суда жүзгенде абай болыңыз. Жалпы, еңбек демалысын үйде өткізгеніңіз тыныштау болар еді.

Күзде отбасы мүшелерімен не достарыңызбен қарым-қатынасыңызға сызат түсуі мүмкін. Түрлі келіспеушіліктер мен түсінбестіктерден жүйкеңіз сыр бере бастайды. Мұны болдырмау үшін барынша сабырлы болуға тырысыңыз.

Жылдың соңына қарай бір адаммен танысып, соның көмегімен қаржылық жағдайыңызды да жақсартасыз, әлеуметтік мәртебеңізді де көтересіз.

2018 жылы әртүрлі қаржы салымдары жақсы табыс әкеледі. Бұл істе сәттілік сіздің жағыңызда.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.