ЖАҢА ЖЫЛ БАСЫНДА ҚОРЫҚ-МУЗЕЙ ҚОРЫ 300 ҚҰНДЫ КІТАПТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде дəстүрлі «Музейге сый» акциясы бастау алды. Осы орайда, белгілі ғалым, «Қазқайтажаңғырту» РМК мекемесін ұзақ жыл бойы басқарған білікті басшы Тұяқбаев Қанат Қымызұлы жеке кітап қорындағы 300-ге жуық тарихи-танымдық баспаларын «Әзірет Сұлтан» музейіне табыстады. Олардың ішінде Әмір Темірдің өмірбаяны жайлы сирек кездестін Шарафиддин Али Яздийдің  «Зафарнома» кітабы, 4 томдық «История Казахстана в западных источниках ХІІ-ХХ вв.», 2 томдық «Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері», «Средняя Азия и восточный Туркестан» сынды құнды кітаптар бар.

Қазіргі күнде  «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі кітапханасында 7000-ға жуық кітап қоры бар. Тарих пен сыр тұнған танымды дүниелерді өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, өткенді ұғынып қажет ақпаратпен сусындау, болашаққа аманат мақсатында  кітаптар көрмесі де жиі ұйымдастырылуда.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.