Орнықты ой, орынды сөз. А.Сқабылұлы, журналист: Ең алдымен телеарналарымыз түзелуі тиіс

Қазір қоғам болып рухани жаңғыруға ұмтылып жатырмыз. Қолдаймын. Бірақ оның орындалуында олқылықтар бар екені рас қой. Ұлттың ұлы жоспары облыстарда қаңғырумен емес, жаңғырумен жүзеге асуы қажет. Әйтпесе, Қоянбаев пен Ләйләлар онсыз да кітап оқымайтын жастардың миын айналдырып жатыр.

Мен төрт жыл «Жеті күнді» жүргізгенде ешкім менің мәтінімді тексерген жоқ. Біз әкімдерді, министрлерді сынай алатынбыз. Қазір мемлекетік арналардың аудан әкімін сынағанын көрмейміз. Оның себебін ұлттық идеология мен президент саясатын  жүргізіп отырған азаматтардан сұрау керек. Оларға президент сынамаңдар деп айтты дегенге сенбеймін.

arasha.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.