ОТЫРАРДА «ЖҮРЕКТЕН-ЖҮРЕККЕ!» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Отырар аудандық мәдениет сарайында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, аудан әкімдігінің бастамасымен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жүректен-жүрекке!» атты қайырымдылық  концерті өткізілді.
Концертте  өнер көрсеткен Отырар халық театрының өнерпаздары және «Отырар таланттары» фестивалінің лауреаттары көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Қайырымдылық іс-шара соңында мәдениет сарайының директоры Сағынтай Құттыбай әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан төрт оқушыға  бір маусымдық  киімнің қаражатын табыстап, алдағы уақытта да қамқорлық көрсетіліп, осындай игі шара жалғасын табатындығын жеткізді.

ОҚО Мəдениет жəне тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.