Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы…

Әр нәрседен пайда мен қалтасын қалыңдатуға әбден машықтанып араны ашылған жұрт бүгінде тіпті ауа- райын қатты суыса да қалтасының қамын жеуді қояр емес. Еліміздің солтүстік өңірінде күннің күрт суығандығын көріп, біле отырып, бауырластарымызға көмек қолын созудың орнына бәз біреулер мұнан да пайда тапқан.

Қарағандыда дүкенге кіріп жылынғаны үшін тұрғындардан ақша сұраған сатушы жұртты ашуландырды. Ашуландырмағанда, қайтсін? Құдай – ау, қайта ішке кіріп жылынып алыңдар деудің орнына мұнан да тиын- тебен жинап қалуды ойлаған. Дүкеннің сыртына: «Кіріп жылыну 50 теңге» деп жазып іліп қойғаны қай сасқаны? Бұл ғана емес, солтүстік өңірінің тұрғындарының хабарлауынша тіпті, әдетте, құны 200-300тг көлемінде баратын жердің бағасын таксистер 1500-2000 тг-ге қымбаттатып жіберген. Халық мұншалықты ашкөздікке барған таксистерге ренішін білдіруде. Сонда біздің сана- сезіміміздің, ойлау қабілетіміздің деңгейі осыған дейін- ақ жеткені ме? Біздің адамгершілік қасиеттеріміздің құны көк қағаздың алдында мұншалықты дәрменсіз бе? Осы біздер осындай қиын- қыстау кезеңде бір- бірімізге көмек қолын созып, жылылық сыйлауға неге, ұмтылмаймыз? Не кедергі?  «Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы» деген осы болса керек…

Халқымыздың жарқ жұлдызы «Жігіттер» квартетінің беделді мүшесі Ердос Қанаев солтүстікте тұратын бауырлардың назарына деп суықта аялдамаларда, көшелерде қалып қойған жандарды тегін үйлеріне жеткізіп салайық деп өз үндеуін жақсылыққа жариялап жатса, басқалардың ісінің сиқы мынау. Қақаған қыстың аязды күндеріде бір- бірімізді тек жақсылық жасап, көмек қолын созу арқылы ғана жылыта аламыз. Біреудің ойына келмейді, біреудің қолынан келмейді…

Ұлжалғас Өскен

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.