ОҚО ӘКІМІ ҒАРЫШКЕР АЙДЫН АЙЫМБЕТОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздің үшінші ғарышкері, Халық Қаһарманы, генерал-майор «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетовпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның жоғарыдәлдiктi спутниктiк навигация жүйесiнiң жерүстi инфрақұрылымын пайдалану, навигациялық қызмет көрсету бағытында пікір алмасты. Осы ретте ғарышкер аталған компанияның Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы, жер инпекциясы, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына спутниктiк навигациялық қызмет көрсете алатынын жеткізді.

 «Елімізде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен 2005 жылы құрылған болатын. Компанияның мақсаты —  2020 жылға қарай жоғары технологиялық, динамикалық дамып келе жатқан, бәсекеге қабiлеттi ғарыш жүйелерiн дербес жобалауға, жасауға және пайдалануға, әрi өңiрлiк және дүниежүзiлiк нарықтарда талап етiлетiн сапалы қызметтер көрсету болып табылады. Бұл ретте біздің компания Оңтүстік Қазақстан облысының дамушы салаларына өзінің үлесін қоса алады»- деді Айдын Айымбетов.

Ғарышкердің ұсынысын қабыл алған өңір басшысы облыстың тыныс-тіршілігін баяндап берді.

«Сіз қазақ халқының үлгі тұтар азаматының бірісіз.   Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлық әлеуеті орасан. Қазір осы саладағы әлеуеттерімізді кеңінен пайдалануға күш салып жатырмыз. Алдағы уақытта жер игеру секілді өзекті мәселелерде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясың қызметтерін пайдалануға мүдделі екенімізді жеткізгім келеді», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өз кезегінде Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов те зор ықыласпен қарсы алған облыс басшылығына ерекше ризашылығын білдірді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.