Ерболат Мұқаев: Сенат депутаты: …апатты жағдайдағы үй 10 жылды күте алмайды

Бүгінгі таңда республикамыздың көптеген қаласында апатты жағдайда деп танылған үйлер бар. Ондай үйлердің тұрғындары жергілікті атқарушы органдарда кезекте тіркелген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдарда апатты жағдайда деп танылған үйлерде тұрып жатқан азаматтарды тұрғын үймен қамту көзделген. Өкінішке қарай, қолданыстағы заң бұл мәселені түбегейлі шеше алмауда.

Мысалы, екі қабатты тұрғын үйде 18 отбасы тұрып жатыр делік. Олардың тұрғын үйге тіркелу кезегі әртүрлі. Бірінші тіркелген отбасын тұрғын үймен қамтамыз ету мүмкіндігі болса, соңғы тіркелген отбасының 10 жылдан кейін ғана үйге кезегі келуі мүмкін. Ал апатты жағдайдағы үй 10 жылды күте алмайды. Демек апатты тұрғын үйдегі азаматтардың барлығын бір мезетте тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде апатты жағдайлардағы үйлерді жою мақсатында тұрғын үй құрылысын «Нұрлы жер» бағдарламасының бір бағыты ретінде енгізуді, сәйкесінше қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер қарастыруды ұсынамыз.

Baq.kz 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.