ОҚО-да партиялықтар Елбасы Жолдауын насихаттау жұмыстарын жалғастыруда

Бүгінгі таңда елімізде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»атты Жолдау қызу талқылануда.  Ғалымдар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар және белсенді азаматтар әр-түрлі кездесулер өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және әлеуметтік желілерде түсіндіру насихаттау жұмыстарын жүргізуде.

Осыған орай, Елбасы Жолдауын талқылау және оны насихаттау мақсатында Шардара ауданындық партия белсенділері Жаушықұм ауыл тұрғындарымен кездесті.

Аудан әкімі орынбасары Нұрмахан Сапаровтың айтуынша, Жолдау еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосатын ерекше құжат.

— Мемлекет басшы айтқандай, Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Осындай сындаған сәттерде әлем деңгейінде саяси қадам жасау ел бірлігін нығайтып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолдары жолдауда қарастырылып, оны іске асырылуы айқындалған. Болашақ жастардың қолында, сондықтан жастар білім алып, Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік ел идеясына жұмыс істеп, елге қызмет етуі қажет, — деп атап өтті.

Кездесу барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Алипов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Тұрлыбеков, ветеринария бөлімінің басшысы Е. Бекет, аудандық мәслихаттың депутаты И. Әділхан, «Жаушықұм» мектеп-лицейінің директоры Р.Жүнісқұлова және тағы да басқалар сөз алып, Жолдауға әр азамат өз үлесін қосу керек, деген пікірлерін білдірді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.