Тұрсын Жұртбай: …қазір қазақтың рухы қазақтың жүрегіне қонатын орын таппай

Саясатты сыртқа қалдырып, тек рухани тәуелсіздікке шырматылған сана мен түйсіктегі шырмауыққа тоқталайықшы. Шындығында, Абай айтқандай, «өздеріңді түзелер дей алмаймын, өз қолыңнан кеткен соң, енді өз ырқың» деген сөзді жиі еске алғызатын қандай құбылыс, оның себебі не? Басты кесірлі киепет – ұлттық діл мен тілдің, дін мен дәстүрдің рухымыздан ұясын таппай, иенді кезіп ұшып жүрген бозторғай құсап иесіз қалуы.

Менің ойымша, қазір қазақтың рухы қазақтың жүрегіне қонатын орын таппай, иман іздеген ғайыптың құсына айналып бара жатқан сияқты. Рухымыздың ұясынан жерінуінің басты кілтипаны – сәбилердің түйсігіне ұлттық тәрбиенің тамшысы тамбауында. Қазіргі жат тілдің еміздігін еміп, туған ұлтының тілінен жерініп жүрген қарадомалақтар мен қарақастылардың дені – тәуелсіздік алған соң туғандар.

qazaquni.kz, фото интернеттен аллынды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.