Алоэ ем болатын дерттер

Алоэның емдік қасиеті туралы қаншама рет айтылып та, жазылып та жүргендіктен, оған тоқталудың қажеті жоқ. Біз тек оның қандай дерттерге шипа болатынын және емдік шырынның дайындалу әдісін ғана түсіндірмекпіз. Басты шарт – алоэ мүмкіндігінше 2-3 жылдық болуы керек және оның тек астыңғы және ортаңғы жапырақтары ғана қолданылады. Жапырақты жұлғаннан кейін қараңғы жерде +4° до +8°С температурада 7-12 тәулік қойып алған жөн. Содан кейін ғана жапырақтарды жуып, турап, еттартқыштан өткізеді де, дәкеден өткізіп, сүзіп алады. Алоэ сығындысын шыны ыдыста тоңазытқышта бір ай сақтауға болады.

Аденоид (тамақ, көмей бездерінің ісінуі)

Күн сайын жатар алдында әр мұрын тесігіне алоэ сығындысының 1-2 тамшысын тамызып тұрыңыз. Бұл емді 1 жыл бойы тоқтатпаңыз.

Алопеция (шаштың түсуі)

Шашты шаятын суға алоэ сығындысы мен бірер тамшы сіркесу қосыңыз.

Тамақ баспасы

* 2 л алоэ сығындысын 0,5 л балмен және 0,5 л арақпен араластырыңыз. Бал әбден еріген соң, күніне 2 ас қасықтан 3 рет ішу керек.

* Алоэнің 3 жапырағын кесіп алып, қағазға ораңыз да, тоңазытқышқа 10-12 сағатқа қойып қойыңыз. Сосын сөлін сығып, 100 г сары май қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз да, оны 1 стақан ыстық сүтке салып ішіңіз.

* 750 мл алоэ сығындысына 1750 мл қызыл жүзім шарабын, 1250 г таза бал қосып, түсі күңгірт, аузы жабылатын шыны ыдыста 7 күн ұстаңыз. Алғашқы 7 күнде 1 шай қасықтан, сосын 5 апта 1 ас қасықтан тамақтың алдында 2 сағат бұрын ішу керек.

* Алоэ сығындысын балмен 1:3 мөлшерінде араластырып, ашқарынға ісінген тамақ бездеріне жағу керек. Бұл емді 2 апта бойы күн сайын жасау керек. Ал балаларға күнара жаққан дұрыс.

* Аузы кең шөлмекке жартысына дейін алоэ жапырағын майдалап турап салыңыз да, үстіне құмшекер салыңыз. Бетін дәкемен жауып, 3 күн қараңғы жерге қойып қойыңыз. Бұл шәрбатты тамақтың алдында ересектер – 1 ас қасықтан, балалар – 1 шай қасықтан толық сауыққанша ішуі керек.

Атеросклероз (жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруы)

Алоэның төменгі жапырағын кесіп алып, қайнаған сумен жақсылап жуыңыз да, майдалап тураңыз. Сосын дәкеге орап, қолмен сығыңыз. Сығындының 1 шай қасығын тамақтан 15 минут бұрын ішу керек. Емдік курсы – 3 аптадан 2 айға дейін.

Ішектердің әлсіреуі

Алоэ сығындысын 1 шай қасықтан күніне 2 рет тамақтанардан 15 минут бұрын қабылдау керек.

ЕСКЕРТУ: Өз бетіңізше емделмеңіз! Алдымен емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіп алғаныңыз жөн.

 

Дайындаған К.ДИДАР.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.