ОҚО тұрғындарының банктегі салымдары 303,7 млрд. теңгені құрады

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша тұрғындардың банкке салған депозиттерінің жалпы көлемі — 303,7 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде шетел валютасындағы салымдар — 7,8 пайызға қысқарса, ұлттық валюта салымдары — 5,4 пайызға өскен. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалының директоры Әнуар Ботанбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында теңгенің айырмасы бір АҚШ доллары үшін 320,30 теңге болып, ұлттық валюта 3,6 пайызға нығайған. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалы өңірдегі 239 валюта айырбастау пунктерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асырады.

«2018 жылдың алғашқы екі айында облыста АҚШ долларын сатып алу көлемі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,20 пайызға ұлғайып отыр. Еуроны сатып алу көлемі — 14,47 пайызға азайып, ресей рублін сатып алу — 12,14 пайызға ұлғайған», — деді Әнуар Амангелдіұлы.

2018 жылдың қаңтар айында жалпы Қазақстан бойынша жаңа кредиттерді беру көлемі — 830 млрд. теңгеге жетті. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында қаңтар-ақпан айларында жаңа кредиттерді беру көлемі — 59,2 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 46 пайызға көбейіп отыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.