Дiни экстремизмге жол жоқ!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ғаламдық өзекті мәселеге айналған теріс ағымдар жайлы былай деп атап көрсеткен: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп».

Расында, бүгінгі таңда теріс ағымдардың жетегінде жастардың ере кетуі, діни сауатсыздық мәселелері алаңдатуда. Тіпті террорлық әрекетке итермелейтін жат ағымдар әрекеті белең алып бара жатыр. Не десек те дін қазіргі әлемнің ең өзекті мәселесіне айналып отыр.  Көптеген теріс күштер дінді өздерінің қитұрқы мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдаланып бағуда. Соның бірі ретінде мұсылмандардың қолымен әлемнің түкпір-түкпірінде  жасалынып жатқан экстремизм мен терроризм әрекеттерінің көрінісін айтуға болады. Алайда осындай әрекеттер мұнымен шектелмей, онан әрі ушыққан түрде БАҚ өкілдерінің қолымен әлемге тарала келіп, нәтижесінде мұсылмандарға деген іштей жеккөрушілік туғызылуда.Осындай қоғамдағы түйткілді мәселелерді шешуге біз де өз үлесімізді қосуға тиіспіз.Осы орайда қаламызда дін өкілдерінің қатысуымен түрлі іс- шаралар өз жалғасын тауып жатқаны да барлығымызға белгілі.

Солардың бірі ретінде жақында Шымкент қаласындағы № 67негізгі орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Үсеннің  ұйымдастыруымен 9-11-сы­­нып оқушылары арасында «Діни экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында дөң­гелек үстел өтті. Мектебімізде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Іс- шара алды­мен діни басқарма дайындаған арнайы беинефильмдер көрсетумен басталды.

Дөңгелек үстел барысында жалпы жас­тар мен жасөспірімдердің ара­сында осындай тақырыптар негізінде көптеген кездесулер өткізу, діни білімдерін толықтыру, қайда болмасын дін жолын ұстанам деген жастарға мешітке барып, имамдардан сабақ алу, білмегенін сұрау, үйрену керектігі, басқа адамдардың жетегіне, басқа ағымдарға еріп кетпеу, осы бастан олардан аулақ болу, ата-ананы сыйлаумен қатар ата-бабамыздың ұстаған діні мен жолын, салт-дәстүрін ұстану, одан таймау, Елбасымыз әрдайым қайталап айтып жүргендей, халықтар арасында ауызбірлік пен ынтымақты, ұлттық құндылықтарды сақтау, туысқандық, бауырмалдыққа баулитын қағидаттарды бойларына сіңіру, ел қауіпсіздігіне нұқсан келетін, қауіп төндіретін жағдайлардан аулақ болу туралы көптеген құнды пікірлер айтылды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында видеоролик көрсетіліп, талқыланды. Оқушылар да өз пікірлерін білдіріп, пікірталас жүрді. Мұндай игі шаралар өз жалғасын тауып, мектебімізде «Діни экстремизмнің таралу сипаты және дін дегеніміз не?»  тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын дінтану пәнінің мұғалім Б. Бекеулов пен тарих пәні мұғалімі К.Жайнибаев­а 8-9-сынып оқушыларымен өткізді. Іс- шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, 9-11-сынып оқушылары  ұсынылған тақырыпқа зор қызығушылық танытты. Жастар жағы сұрақты талдауда аса белсенділік көрсетіп, осындай іс – шараларды жиі өткізіп тұруға ұсыныс жасады.

Мектебімізде оқушыларға дұрыс діни түсінік қалыптастыру үшін діни экстремизм тақырыбы ұдайы басты назарға алынатын болады. Себебі, дін қазіргі жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі болып табылады. Қазақстан халқы, әсіресе жастар жағы діни ағымдардың кері жағымен жете таныс болуы керек.

Ханзура Бекжанқызы, №67 негізгі орта мектебінің директоры.

«Қазақстан жолы» газеті, №15 (690), 21.04.2018 ж.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.