Ислам лаңкестікті қолдамайды

Діни экстремизм  — қоғамда қалыптасқан діни құндылықтар мен ұстанымдарды мойындамау, сонымен қатар осыған қарсы «идеяны» аггресивті түрде насихаттау. «Діни экстремизм» терминінің нақты құқықтық  белгіленген «шекарасы» жоқ және ол саяси экстремизм сияқты діни нормалардың арасында қызметін жүргізеді. Көбінесе ол саяси жағдайларда қолданылады: діни ұйымдардың мемлекетке немесе басшылыққа, конфессиялардың бірінің өкілдері билікке келуі.Діни  экстремизмнің пайда болуына алып келетін факторлар: халықтың тұрмыс деңгейінің төмен болуы, халықтың діни сауатсыздығы, жұмыссыздық деңгейінің өсуі. т.б.

Жуырда Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің коллед­жін­де «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында іс-шара болып өтті. Ал бұл іс- шара қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкері Н.Абдыл, «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.Маймақова,  «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы М.Ержігітов, психолог маман Д.Аманбаева, колледж ұстаздары мен студент жастарының қатысуымен өтті. Атал­мыш кез­десуде орта­лық мамандары «Деструктивті кереағар діни ағымдардың алдын алу» тақы­ры­бында баяндама жасады. Тақы­рып барысында бүгінгі күнде еліміздегі кереғар діни ағым­дардың мақсаты мен қауіп-қатері туралы ақпараттар ай­тылды. Олардың сырт­қы келбе­тінің айырмашылықтары, киім кию үлгілері жайлы мәліметтер берді.Студент жастардың діни сауат­тылығын арттыра түскен бұл іс- шараның берері мол болды. Қазіргі Қазақстанның аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік, буддизм, христиандық ислам сияқты әртүрлі діни топтар қатар өмір сүрген, яғни толеранттылык пен конфессияаралық келісімнің үлгісі болған.

Біз әлемге өзіміздің толеранттылығымызбен, ұлттық конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымызбен танылдық. Әсіресе, қазір дүние жүзіне діни төзімсіздік, діни экстремизм және терроризм шынайы қауіп төндіріп тұр. Оларды XXI ғасырдың анағұрлым өткір мәселелеріне жатқызуға болады. Конфессияаралық келісім мен диалогты жетілдірудің жаңа жолдарын іздеу қажет. Дін, әуелі әлемдік және дәстүрлі діндер адамның діни және рухани негіздерін дамытудың күшті факторы болып табылады. Діннің негізгі мақсаты-адамдағы барлық адамгершілік қасиеттерді сақтау және оларды дамыту, адамның өзінің «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу. Кездесу соңында қонақтар тыңдаушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Б. Сапарбаев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің директоры.

«Қазақстан жолы» газеті, №15 (690), 21.04.2018 ж.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.