О.ӨКСІКБАЕВ, Мәжіліс депутаты: … эмоциялық жағдайда өсіп отыр

Шынын айтқанда, елімізде валюта бағамының құбылуына әкелетін ешқандай экономикалық себеп болмай тұр. Кешелі бері болып жатқан валюталық өзгеріс Ресейдегі санкцияларды желеу етіп, эмоциялық жағдайда өсіп жатыр деп айтар едім.

Ресей санкцияға байланысты өз кәсіпкерлеріне мемлекет тарапынан қамқорлық жасауда. Егер үкімет тиісті шараларды жедел түрде қолға алып, механизмдерін қарастырмаса, валюта бағамындағы өзгеріс ұзақ сипат алуы да мүмкін. Бірақ тағы да қайталаймын. Дәл қазір доллардың қымбаттауы Ресейдегі ахуалға байланысты емес, эмоциялық жағдайда өсіп отыр. Өйткені, біздің елде валюта бағамының құбылуына тікелей әсер ететін экономикалық тұрғыда қажеттілік жоқ.

«ЖҚ»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.