Ж.ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:  Осыған жол берген кiмдер?

   Қазақ эфирлерінде күні-түні 90 пайыз эстрадалық әншілер насихатталады. Оның үстіне әншілер ән орындауларымен қоймай, телевидениеде жүргізушілікпен айналысып кетті. Сондай бір заманға тап болдық, жас композитор-әншілер аспандағы жұлдыздардан да көбейіп кетті. Ал енді інжу-маржандай шығармаларымен танылып, бар өмірін музыкаға арнаған танымал тұлғалардың қатарына бір ғана әнімен эфирге шығып, лезде композитор атана қалған кейбір жастарымызға не деуге болады? Осыған жол берген кімдер? Әрине бұлар көркемдік кеңестің жоқтығынан, эфир насихатының немқұрай­лы­лығынан орын алған олқылықтар.

   Бұған куә – қазақ аспанының, қазақ эфирінің қазіргі қалыптасқан ахуалы. Мұнда эстрадалық әндер насихаты 90 пайызды құраса, халықтық музы­калық әуендерді насихаттау 10 пайыздың о жақ, бұ жағында.

«ЕҚ»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.