Полицей Рамазан қасиетті Рамазанда Құдайдан қорқа ма?

   Әй, қайдам? Елбасы айтқандай «Как бог, как царь» болған Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің Қазығұрт аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы офицер Ташкенбай Рамазан өзге түгілі өздерінің полицейлерінің отбасын қиянат жасаған соң, не шықсада, Шымкенттен шығады деп қалай айтпайсың?

   Рамазан 2016 жылы Шымкент қаласы МАИ-да ұзақ жылдар қызмет істеп, марқұм болған Қ.Ә.-ның жұбайының атындағы «Ваз-08»автакөлігін алады. Марқұм полицейдің бозбала ұлдары Рамазанға 3 рет іздеп тауып айтып, автакөлікті өзінің атына аудартуды қанша өтінсе де, тірі полицей жетім-жесірлердің сөзіне пысқырмайды да.

   Сондағы оның арам ойы әріде жатқан екен ғой. Иә, солай машинаның екі жылдық салығын күйіне жүріп полицейдің жесірі төлеп жатса, әруақты қойғанда Құдайды ұмытқан офицер Рамазан Шымкентте машинаны «100-бен» айдап, бейнекамераларға түсіп жатқанына беті бүлк етпейді. Мемлекеттің заңын сыйлаушы ма?

   Рамазан мінген машина бейнекамераға бір түскенде 35 мың теңге айыппұл төлеу көрсеткішіне бір-ақ барып тоқтайды. Сот орындаушылары келіп марқұм полицейдің жесірін шырылдатады. Ал Рамазан Қаратау аудандағы бұрынғы қаншама әріптестері ескерту жасап жатса да, мәңгүрт болып қалғандай.

   Осы мәселені «Қазақстан жолы» газеті облыстық ішкі істер департаменті басшыларына жеткізіп, өз офицерлері Рамазанға ықпал етуді сұрағанымен, тырс еткен дыбыс жоқ. Демек «Ұрының қатыны өзіне лайық» дегеннің кері ме, бұл? Бүкіл полиция офицерлерін жерге қаратқан сұмдықты естіп отырған ДВД басшылығынан не қайыр, не үміт?

   Ел іші болған соң, иманды офицерлердің бары рас болса, Р.Ташкенбайды ұялтатын әлі біреулері табылып, «қарабеттілікті» тоқтататын да шығар.

                                                                                                                                             Ә.Мұратбеков

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.