Қазақ қызы өзіне «күшік күйеу» іздеп жар салуда

Қазақ бұрын «күшік күйеу» деген ұғымды естісе төбе шашы тік тұратын. Бірақ қазір қоғамның оны санасына сіңіріп алғаны сошалық – тіпті қыздарымыз дүйім жұрттың алдына шығып: «Менің табысым жақсы, өз отбасымды асырай аламын. Маған үйде отыратын, айтқанымнан шықпайтын күйеу керек. Мен қатты қызғаншақпын. Қазіргі уақытта отбасымды өзім асырап отырмын, 19 жасыма дейін көп жетістікке жеттім» деп сайраудан тайынбайтын болыпты. Жақында ғана елімізге белгілі атышулы бағдарлама «Кел, келінімде» қазақ қызының осылай демесі бар ма?

Бар болғаны 19 жасатағы қыздың ел алдына шығып осылай деуі көптің ашуына тиді. «Саған күйеу емес құл керек қой», «Күшік күйеу іздеп жатырмын десейші», «Масқара, ер адамды ез қылатын әйел ғой», «Сендей келіннен Құдай сақтасын» деді көпшілік.

Бесіктен белі шықпаған қыздың жарияға жар салып, «жігіт» іздеуімен қоймай, осылай шарт қоятындай оның әкесі кім, шешесі кім? Бұл қыз кімдерден үлгі алып отыр?

Батыс елдерінде әйелдерінің қалтасына қарап отырған жігіттерді «альфонстар» деп атайды. Олар біздің де қоғамда бары рас. Десек те, ер азамат орны түзде, әйел үйдің адамы екенін ұмытпаумыз керек. Қытымыр уақыт пен қым-қиғаш оқиғаның ортасындағы уақытта, қыздарымыз әйел ана мен ер азаматтардың қоғамдағы рөлін алмастыруы ұлтқа төнетін үлкен қауіп. Қаракөздердің бұл қылығы арқылы болашаққа сескене қарайтын болдық.

                                                                                                                     Ұлжалғас Өскен

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.