«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесiнiң отырысы өттi

Жиынға Саяси кеңестің мүшелері – Үкімет, Парламент және Президент Әкімшілігі басшылары, Мемлекеттік хатшы, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары және бейнеконференция байланысы режімінде еліміздің барлық өңірінің өкілдері – облыс әкімдері, облыстық мәслихаттардың хатшылары, партияның облыстық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары қатысты.

Саяси кеңестің отырысында партияны жүйелі жаңғырту және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жасау ісін ұйымдастыру мәселелері кеңінен талқыланды.Елбасы жастарды кәсіби дайындау және бейімдеу, сондай-ақ «Бес әлеуметтік бастаманы» орындаудың детальдары мен механизмдеріне және оның іске асырылуына қоғамдық бақылау жасауды қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты баяндамаларды тыңдаған Елбасы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және олардың орындалуына бақылау жасау ісіндегі «Нұр Отан» партиясы рөлінің маңыздылығын атап көрсетті.

Мемлекет басшысы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын және партияның цифрландыру саласындағы жобаларын орындаудың маңыздылығына назар аударды.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу ісінде цифрландырудың тиімді екенін айта келіп, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, өнімділіктің өсімін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы экспортын арттыру мәселелеріне тоқталды.

Сөз соңында жаңа жобаларды тиімді жүзеге асырудың және Үкімет пен «Нұр Отан» партиясының алдына қойылған міндеттердің маңыздылығын көрсетіп өтті.Ел ішінде қолайлы әлеуметтік жағдай болғанда ғана мемлекет табысты жұмыс істейді. Бұл Үкіметтің басты міндеті. Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстың бәрі халыққа арналған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Ақорда»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.