Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру көздері талқыланды

Елордада халықаралық сарапшылардың қатысуымен медицина саласын қаржыландыру жолдары талқыланды. ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының» бас директоры Айнұр Айыпханова елімізде қолға алынған реформалар жайлы айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Денсаулық сақтауды қаржыландыру желісінің жетекшісі Клод Майердің айтуынша, әлем елдері қаржыландырудың әртүрлі моделін пайдаланады. Кейбір мемлекеттер бастапқыдан әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін таңдаған. Ал басқа елдер басынан бастап бүгінге дейін бюджеттік жүйеде жұмыс істейді. Клод Майер «біз халықаралық сарапшылар ретінде белгілі бір модельді насихаттамаймыз, әр мемлекеттің өзіне сай келетін модельді таңдауға құқығы бар» дейді. Біздің денсаулық сақтау саламызда шығындардың тұрақты түрде ұлғаюына байланысты және де мемлекет бүгінге дейін осы шығындарды өтеп келе жатқандықтан денсаулық сақтау саласының ішкі жалпы өнімдегі үлесі төмендеген. Біз жағдай осылай жалғаса бермеуі керек екенін түсінеміз. Әйтпесе, денсаулық сақтау саласының жағдайы, сапасы, қолжетімділігі, технологиялық жағы одан әрі нашарлай береді», — деді Айыпханова Астанада өткен жиында.

Оның айтуынша, сол себептен Қазақстан талдау жасай келе, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін таңдады.

«Біз Кеңес үкіметі кезінде бюджеттік модельмен сәтті жұмыс істедік. Дегенмен, қазіргі заман талабына сай, ХХІ ғасырда бізге Әлеуметтік медициналық сақтандыру саласы оңтайлы болып келеді. Бұл жүйеде баршаға ортақ жауапкершілік болады. Дегенмен, мемлекет ең ірі төлем жасаушы болып қалады. 10 млн астам азамат үшін жарнаны мемлекет төлейтін болады. Ал 10 млн адам — қазақстандықтардың жартысынан көбі. Тек жұмыс істейтін, жарна төлей алатын халық аталған жүйеге қатысады. Осылайша олар сапалы денсаулық сақтау саласын қамтамасыз етуге тырысады. Халықтың барлығы медициналық қызметтермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл мақсатты БҰҰ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және әрине Қазақстан да көздеп отыр. Ал МӘМС арқылы, жарналар арқылы медицина саласына қосымша қолдау көрсетілмек», — деді Айнұр Айыпханова.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.