Сауд Арабиясының футболшылары мінген ұшақ Ресей әуежайына апатты жағдайда қонды

Сауд Арабиясының футболдан ұлттық құрамасы мінген ұшақ әуеде жана бастады. Спортшылар Әлем чемпионаты аясындағы матчқа қатысу үшін Ростовтағы Дон қаласына ұшып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. «Ресей» авиакомпаниясының ұшағы көкте жалындай бастағаны туралы хабарламалар алдымен әлеуметтік желілерде тарай бастаған.

Кейін Сауд Арабиясының футбол федерациясы Twitter-дегі ресми парақшасында дүйсенбі күні кешке аман-есен жерге қонғанын жазды. «Сауд Арабиясының футбол федерациясы болмашы техникалық ақаулардан кейін ұшақтың Ростовтағы Дон әуежайына қонғанын және ұлттық құраманың барлық мүшелері қауіпсіз жерде екенін хабарлайды. Құрама мүшелері қазіргі уақытта тоқтаған мекен жайларына аттануда», — делінген хабарламада. Әлеуметтік желілерде тараған видеода әуе кемесінің қанатының астында, қозғалтқышқа жақын жерден от тұтанғаны көрінеді.

Айта кетейік, Сауд Арабиясының құрамасы 20 маусым күні Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Уругваймен кездеседі.
Дереккөз: inform.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.