Қан қысымыңыз төмен болса…

Қан қысымы төмен, яғни гипотонияға шалдыққан адамның қан қысымының жоғары көрсеткіші 100 мм, ал төменгі көрсеткіші 60 мм сынап бағанынан аспайды. Гипотония физиологиялық және патологиялық болып екі түрге бөлінеді. Екінші түрі дәрігердің араласуымен емделеді. Ал гипотонияның физиологиялық түріне шалдыққан адам өзін ауру сияқты сезінбейді, бірақ сау да емес. Қан қысымын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін мынадай ережелерді сақтаса, тіпті созылмалы гипотония жағдайында да науқас өзін сергек сезіне алады.

  1. Қан қысымы төмен адамдар түнгі ұйқысының толыққанды болуына мән   беруі тиіс. Олар, әдетте, қан қысымы қалыпты адамдарға қарағанда 2-3      сағат көп ұйықтайды.
  2. Дене жаттығуларымен айналысуы керек.
  3. Қан қысымы төмен адамдар таза ауада көбірек жүруі  тиіс. Көшеге жиі шығып, әсіресе,  жылдың салқын  мезгілдерінде серуендеуге ерекше көңіл бөліңіз.
  4. Қан қысымы төмен адамдардың тағамының құрамында минералдық  заттар мен витаминдер (әсіресе, В1, С, Р витаминдері) жеткілікті болуы керек. Жаңа пісірілген ботқалар (қарақұмық, сұлы, күріш), көкөністерден — сәбіз, қызылша, баклажан, жемістерден — лимон, апельсин, мандарин жеңіз. Майлы және ұнды тағамдарды жеуді шектеңіз.
  5. Қан қысымы төмен адамдар жатқан жерінен бірден түрегеліп кеткенде қолайсыздық, бас айналуды  сезінеді.  Әсіресе, аш  кезінде. Сондықтан таңертең төсектен жаймен асықпай тұру керек.
  6. Қан қысымы төмен адамдар үшін кофе пайдалы. Бірақ оны ішудің де өлшемі бар: күніне 2 кеседен аспағаны жөн.
  7. Қан қысымы төмен адамдар үшін артық салмақ қауіпті.
  8. Мұндай адамдарға көбінесе қуаттандыратын әрі сергітетін қытай лимоннигін (күніне 0,5 г-нан 2 рет), женьшень тұнбасын (15-20 тамшыдан тамақ алдында күніне 3 рет), сондай-ақ мидың қан айналымын жақсартатын дәрілерді, мәселен,  ноотропил) күніне 2 рет тағайындайды.
  9. Қан қысымы  төмен  адамдарға әртүрлі су ем-домдары, мәселен, таңертең   контрасты душ, денені дымқыл шүберекпен ысқылау, оттегі, інжу не қылқан жапырақтар қосылған суда бұлауға түсу пайдалы.
  10.  Қан қысымы  төмен адамдар  сезімі мен денесіне күшті әсер ететін   нәрселерден, көлікте ұзақ жол  жүруден, күрт айналатын аттракциондардан аулақ болғандары  жөн.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.