Әлем классиктері туралы қызықты деректер

* Уильям Шекспир бір күнде туылып, бір күнде өлген. Яғни 1564 жылы 23 сәуірде дүниеге келіп, 52 жасында 23 сәуірде өмірден өткен.

* Ақын Байрон ақсақ, толық адам болған. Соған қарамастан, ол бір жылда Венецияның 250 қыз-келіншегінің жүрегін жаралап үлгерген.

* Байрон өзі көңіл қосқан әйелдердің бір түп шашын кесіп алып, олардың есімдері жазылған желімхатта сақтаған. Бұл айтарлықтай үлкен коллекцияны соңғы рет 1980-ші жылдары көргендер бар, бірақ кейін ол із-түзсіз жоғалған.

* «Оливер Твистті» дүниеге әкелген Чарльз Диккенс бала күнінде әкесін қарызы үшін түрмеге жапқанда, оның қарызын өтеу үшін фабрикада ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болған.

* Диккенс кабинетіндегі үстелі мен орындығы «дұрыс» тұрмаса, жұмыс істей алмайтын болған. Ал қалай «дұрыс» екенін тек өзі білген. Сондықтан, әр жолы жазуға отырар алдында ол міндетті түрде үстелі мен орындығының орнын ауыстырып отырған.

* Эрнест Хемингуэйдің маскүнем болғаны және өзіне қол жұмсап өлгені белгілі. Оның үстіне ол пейрафобия (көптің алдында сөйлеуден қорқу) дертіне де шалдыққан. Бұдан бөлек, ол ешқашан ешкімнің мақтауына сенбеген. Тіпті ең жақын достарына да!

* Хэмингуэй 5 соғыстан, 4 көлік және 2 әуе апатынан аман қалған.

* Хемингуэй өзін ФБР аңдып жүр дегенді жиі айтатын болған. Достары бұл үшін оны үнемі келемеждеген. Бірақ, кейін жария болған құпия құжаттар оның рас айтқанын дәлелдеген.

* «Гей» сөзін ең алғаш әдебиетте қолданған жазушы әйел Гертруда Стайн тыныс белгілерін жек көрген.

* Оскар Уайльдқа бала күнінде ата-анасы қыздың көйлегін кигізіп қоятын болған. Бұл оның психологиясына қатты әсер етіп, өмірлік ұстанымын өзгерткен.

* Оноре де Бальзак бір күнде 50 кесе түрік кофесін ішкен. Ал егер кофе қайнату мүмкіндігі болмаса, ұнтақталмаған кофе дәндерін аузына салып, шайнап жүретін болған.

* Эдгар Алан По өмір бойы қараңғылықтан қорыққан. Себебі, ол бала күнінде сауатын… бейіт басында ашқан. Ол барған мектептің кітап сатып алуға мүмкіндігі болмағандықтан, мұғалімдер балаларды бейіт басына жинап, құлпытастағы жазулар мен сандарды оқытуға мәжбүр болған. Сондықтан, Эдгар Поның әлем әдебиетінің қорқынышты сюжетке құрылған жаңа жанрының негізін қалағанына таңқалуға болмас.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.