Министр балалардың газды сусындар мен кондитер өнімдерін пайдалануына шектеу қоюға шақырды

Халыққа кезекті есеп беру кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ата-аналарды балалардың денсаулығын қорғауға, соның ішінде балалардың газды сусындар мен кондитерлік өнімдерді пайдалануына шектеу қоюға шақырды.

«Денсаулық сақтау министрлігі өзінің құзыреті аясында мектепте тамақтануды ұйымдастыру бойынша санитарлық ережелер мен нормаларды жасады. Біз мектепте газды тәтті сусындар мен кондитер өнімдерін сатуға тыйым салдық. Осы тұста қоғамға, ата-аналарға ұсыныс айтқым келеді: егер мектепте шоколад немесе кола секілді тауарлар сатылып жатса — бұл заңға қайшы әрекет, сіз министрліктің қоғамдық денсаулықты қорғау комитетіне осы жағдай бойынша шағым түсіре аласыз. Бұл — біздің балаларымыздың денсаулығы үшін қажет. Тиісті орындар тексеріп, қажетті шараларды қабылдайтын болады.»

Министр өз сөзінде, экономика бір орнында тұрмайтынын, сауданы тоқтатуға қақымыз жоқ болғандықтан, мектепте балалардың тамақтануының стандарты жасалғанын атап өтті.

Е.Біртанов оқушы уақытының негізгі бөлігін мектептен кейін үйде өткізетінін айтты.

«Сондықтан дұрыс тамақтану мәдениетін отбасында қалыптастырып, балаларға сіңіруіміз керек. Ең бастысы да осы. Негізінде мұның бәрі біздің халқымыздың тамақтануына тән емес, сондықтан пайдалы аспен тамақтануға әр уақытта да үйретуге болады. Ал тыйым салумен үлкен нәтижеге жету екіталай.» — деп түсінік берді Е.Біртанов.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.