Ұлтымның намысын қорлама, «бiлгiштiгiңдi» басыңа жақ, Баян!

Бүгінде дана бабаларымыздың «Басиесіз елдің иті осырақ» дегенінің келгені ме деп алаңдайтын болдық. Беталдылық белең алған заманда жастарымызды Батыстың жабайы демократиясынан қорғай алмай жатқанымызда, қазақтан «іштен шыққан шұбар жылан» сияқты Баян Мақсатқызы деген шығып, бүкіл елді шулатып жатқаны ұлттық намысымызға сын емес пе? Бұл жерде қазақ халқының алдында масқарасы шығып отырған беті «былқ» етпейтін Баянға емес, еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігі мен еліміздің зиялы қауымы, идеологияның тізгінін ұстаған азаматтарымызға базына айтсақ, артық айтқандық бола қоймас.

Кім құқық берді бұл Баянға? Оның қазақ қыздарының қытайға күйеуге тиюіне наразылығын білдірген қазақ азаматтарына ауыр кінә тағып сөйлеп, жерден алып, жерге тығуына? Баянның: «Мұндай зұлымдыққа қашанға дейін төзуіміз керек?» дегенінің өзі, оның қазақ ұлтына жасап отырған нағыз  зұлымдығы емес пе? Біз басқа дінді, ұлтты қойғанда қазақтың өзі қан тазалығын сақтап, әлем жұртшылығының құрметіне ие болып отыр. Баян үшін қазақтың ұлттық құндылығы «зұлымдық» болатын болса, құрысын да Қытайға ма, Африкаға ма, әйтеуір қазақтар оны есітпейтін, аузынан шыққан «құсығын» көрмейтін жерге.

Қазақтың ұлттық намысын «зұлымдық» деп отырған Баянда ел-жұртына қарайтын «бет» бар ма, өзі? «Заманына қарай қасқыр ұлидының» кері шығар, Баян сияқты «бетпақтардың» ел-жұртқа қарап, «оттап» отырғаны. Қазақ өнерінің тарландары болса мейлі ғой. Осындай нәрсені көкіп жүрген бұл Баян біздерге нені үйреткісі келеді? Әлде оған басқаны қойғанда өз қыздарының «қысық көз қытаймен» шатысып жүргені оғаш көрінбейді ме? Ел алдында жүрген адамның айтқаны осы болса, қанша күннен бері шырылдап жүрген ұлт жанашырлары кім үшін, не үшін бас көтеріп әлек? Өзі де, қыздары да жартылай жалаңаштанған суреттерін жарыса әлеуметтік желіге салатын Баянға намыс пен ұлт болашағы бір тиын болса керек шамасы. Кеше ғана кітап жазып, қазақтың ақжаулықты аналарының күйеуіне деген көзқарасын екіұштылыққа жеткізген еді, ал бүгін мына масқараны айтып, тағы да қыздарымыздың ойын бұзуда. Әрине, Баян да өз пікірін білдіруге құқылы. Әйтсе де, қазақ қыздарына қызыққан бұл қытайдың астарлы саясатын Баян білмейді емес қой. Әлде біле тұра айтқанының сиқы осы ма? Эстрада жұлдызы, қазақтың сүйікті Алтынайының: «Алла сақтай гөр! Намыс қайда? Алла бетін аулақ қылсын. Өнер адамдарының осыны қолдағандары жағаны ұстатты»,-деп күйінгені тектен-тек емес шығар. Абыройдан жұрдай болып қалған мына Баян қазақтың Алтынай сияқты намысты қыздарының қолына су құя алады деп айта аламыз ба?

Жүректі пәршелеп, қасиетті Махаббат сезімін «галош» етіп сүйреген Баян ондай киелі жерге тұмсығын тығып, қарапайым қалың елдің «жиіркенішін» одан әрі қоздыра бермесін де.

Баян қытайды сүюге ынтығып, өліп бара жатса, кім оның жолын байлап отыр, құрысын да қырық жамау болған жүрегін одан әрі дарылдатып жырта бермей, Бейжіңге. «Қытайды сүюге болмайды деген азаматтар шын мәнінде махаббаттың не екенін білмейді. Оған толық сенімдімін»,-деп отырған Алакөзованың өзін жұрт «Махаббаттан садақа кетсін» деп айтып жүрген жоқ па? Ол «Махаббат стансасы» киносына түскенде махаббат туралы есітсе, есіткен шығар-ау. Дәл қазір киелі Махаббат сезімінің өзі «Баян Есентаева» деген сөзді есітсе, кірерге тесік таппай, құла дүзге безіп кететін болған жоқ па?

Қайран, даласындай дарқан көңілі бар, қазағым-ай! Өз басын алып жүре алмаған Баян сияқтының намысты перзенттеріміздің ішінен тебуге дейін еркінсіп кеткеніне қараңызшы. Өз ағамыз өзбектің ұлтжанды перзенті Ислам Каримов күні кеше сахнаға жартылай жалаңаш шыққан әншілерінің өзін «қасиетті елім мен жерімді бүлдіруге құқықтарың жоқ» деп республикасының аумағынан қуып шыққанын ислам әлемі сүйсіне сөз еткен жоқ па? Өз ұлтының атына негізсіз ауыр айыптау сөздерін айтқан Баян басқа  бір елдің аумағында тұрып «бәдігін» сапырып көрсінші, қандай күйге тап болар екен?

Санасында саңылауы жоқ адамға дауа бар ма, мына Баянның қытайға күйеуге тиюге ниетті қазақ қыздарына сол елде жасалған дүниелерді үлгі етіп «данышпансынғанын» қайтесің? Шала сауатты болмаса бұл Баян қазақтың перзенттері олардың мемлекетін басқарып, иығына мініп жүргендерін есіне алып, тарихтын бетіне қарап абайлап сөйлер еді ғой.

Тексіздіктен шығар, мына Баян қазаққа тәрбиелілік туралы «пәлсапа» айтып, көргенсіздікті өзінің көрсетіп отырғанын аңғармағансынғаны. Қазір еркіндік деп еркінсіп кеткен мына заманда қазақтың ибалы қыздарын Баян сияқтылардың қатерінен сақтау оңай болмай тұр. Ұлтының қадірін біліп, оны қастерлей білген кез-келген қазақ отбасы ең әуелі Баян сияқтылардан сақтанғаны жөн-ақ.

О.Жылқыайдаров

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.