Samruk-Kazyna Trust қорының 2018 жылға арналған әлеуметтік жобалар тізімі бекітілді

«Samruk-Kazyna Trust» Қоры ұзақ мерзімді серіктестік негізінде қайырымдылық жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады, соның ішінде «Дара» ЖҚ, «Еркін Мейірімдік Қоры» ҚҚ, «Замандас 21» ҚҚ, «Қасиетті жол» ҚҚ қорлары бар. Бұдан бөлек, Қор ерекше мүмкіндіктері бар балаларға, ата-ананың қарауынсыз қалған балалар мен аз қамтылған отбасының балаларын қолдауға бағытталған жобалармен қатар, «Менің елім» Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырады. 2018 жылға 23 әлеуметтік жоба тізімі бекітілді.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма шешіміне сәйкес, компаниялар тобының бірегей қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры төмендегі төрт бағыт бойынша қайырымдылық жобаларды жүзеге асыратын болады:

1) әлеуметтік және медициналық сектордағы қоғамдастықтар мен адамдарға көмек көрсету;

2) бұқаралық ақпарат құралдарын, мәдени қоғамдастықты, адам әлеуетін дамыту, еңбек қатынастарын нығайту және қоғамның тұрақты дамуына инвестиция;

3) «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлердегі әлеуметтік инвестициялардың өңірлік бағдарламасын іске асыру;

4) Қордың не/немесе компаниялар тобының беделін арттыру;

 Аталмыш қордың үстіміздегі жылға арналған әлеуметтік жобалары туралы толығырақ сілтемеге өту арқылы біле аласыз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.