Теріскейде тиянақты тірліктер бар

Созақ аудандық ішкі саясат бөлімінің бастамашылдығымен Тайқоңыр елді мекенінде орналасқан «Инкай БК» ЖШС кен орнының вахталы түрде жұмыс істейтін жұмысшыларымен қатар Тайқоңыр елді мекеніндегі Төлеген Момбеков атындағы мектептің ұжымы және оқушыларымен кереғар діни ағымдардың зардабы жайлы түсіндіріп, пікір алысу жиыны ұйымдастырылды. Көпшілікпен кездесу тартымды, мазмұнды өтті.Сондай-ақ Таукент ауылдық округіндегі Сауда көлік компаниясы ЖШС-нің «Орталықтандырылған Автотасымалдау базасы» филиалы жұмысшыларымен және Ақсүмбе елді мекені С.Қожанов атындағы мектептің ұжымы және оның оқушыларымен осы бір өмірлік маңызы зор мәселе бойынша кездесу өткізілді. Жиналған көптің көкейтесті өзекті мәселелерінің сауалына теологтар мен дін қызметкерлері көңілге қонымды жауаптарын берді.

Қаратау ауылдық округындағы Панфилов атындағы жалпы орта мектебінде, Қаратау ауылдық округіне қарасты Сарыжаз елді мекенінде орналасқан Сарыжаз мектебінің оқушыларымен «Мемлекеттің зайырлы принциптері» тақырыбында өткізілген жалпы кездесулер барысында мектептің оқушыларына еліміздің зайырлылық принциптері, деструктивті ағымдардан сонымен қатар әлеуметтік интернет желілеріндегі теріс ақпараттардан сақтанудың жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Созақ ауданының әкімдігі қоғам тынысында маңызды зор өзекті мәселені басты назарда ұстап, сала жұмысын тұрақты жүргізуді дұрыс жолға қоюды бірізділікке түсіріп, оны жоспарлы жүргізуді ұстаным етіпті. Ауданның ішкі саясат бөлімі Құмкент ауылдық округындағы  Қ.И.Сәтбаев атындағы №2 мектеп-гимназиясы мен Қызылкөл ауылындағы М.Әуезов атындағы мектепте және Жарты төбе ауылдық округының Құлыншақ Кемелұлы атындағы мектептерінде оқушылармен өзекті мәселенің өрнегі тартылған кең ауқымды кездесулер өткізген. Жиналғандармен деструктивті ағымдардан, сонымен қатар әлеуметтік интернет желілердегі теріс ақпараттардан сақтанудың жолдарын жан-жақты етіп түсіндіру жұмыстары жүргізілген. мен бас имам Есіркеп Мейрамбек Құдайбергенұлынан тұщымды жауаптар алды.

Созақ ауданының ішкі саясат бөлімі облыстық дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі теологтарымен  бірлесіп әділет басқармасында басқарма қызметкерлерімен кездесу өткізген. Бұл кездесуде теріс ағымдар туралы кең ауқымда түсініктер берілді. Исламның рухын түстеп танымаған, діннің мазмұндық қырына емес, тек формалық жағына мән беретін, сақалды, қысқа балақты мұсылмандықтың тікелей көрінісі ретінде танытуға тырысатын салафилік ағымның даму атаулыны қабылдамайтын шектеулі дүниетанымы мұсылмандар үшін де қауіпті екендігі ашық айтылды. Кездесу барысында жиналған жұртшылықтың сауалдарына кәсіби сала мамандары тиісті жауаптарын беріп, пікіралысу қызықты өтті. Басқарма қызметкерлері өзекті мәселенің қыр-сырына қанығып, кездесуді ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

Айдын СӘТЖАН.

«Қазақстан жолы» газеті, №27 (672) 21.07.2018 жыл.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.