АҚПАРАТТЫҚ — ТҮСIНДIРУ ТОПТАРЫНЫҢ СЕМИНАР-ТРЕНИНГI ӨТТI

Жуырда Шымкент қаласында өткен облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің біліктілігін көтеру мақсатында ұйымдастырылған семинар-тренингіне ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни басқарма тарапынан атқарылып жатқан ауқымды һәм кешенді жұмыстар туралы семинар-тренингте кеңінен айтып берді.Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің ұйымдастыруымен өткен бұл семинар-тренингіне елімізге танымал теология және философия ғылымдарының докторы, профессор Д.Кенжетай, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы Н.Қабылов, Ақтөбе облысы дін істері басқармасының «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы КММ басшысы Ж.Сүлейменов, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаевтар мен Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас имамдары қатысты.

Алқалы жиынның негізгі мақсаты – еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің біліктілігін көтеру, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру, қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру болса, мазмұнды өткен семинар-тренингтің талап деңгейінен табыла білгеніне жиналған жұртшылық ризашылығын білдіріп тарасты.

Бұл семинар-тренингте имамдарымыз мол ақпаратпен бірге, қажетті мағлұматтарға да ие болуға қолдарын жеткізді.

 “Қазақстан жолы”-ақпарат.

 «Қазақстан жолы» газеті, №28 (673) 28.07.2018 жыл.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.