Жұлдыз-жорамал (10.09 — 16.09. 2018)

Тоқты

Бірқалыпты, тыныш апта. Қаржылық жағдайыңыз қалыпқа келеді. Сізге ұстаз бола алатын адамдармен жолыңыз тоғысады. Жарыңызға тосынсый жасап қуантыңыз. Ал жалғызбасты Тоқты(ларды «қызметтестер хикаясы» күтіп тұр.

Торпақ

Қазір сізге көбірек демалып, ойыңызды ретке келтіру керек. Жүрегіңізді, сөреңізді және жұмыс үстеліңізді қажетсіз нәрсенің бәрінен тазартыңыз. Жақында жүрегіңіз қуанышқа толып, жұмыста да жаңа ұсыныстар түседі.

Егіздер

Бұл аптада барлық жоспарларыңызды батыл іске асыруыңызға болады. Егер біреу жұмыста үлгермей жатса, көмектесіңіз. Бұл сізге алғыс қана емес, қомақты табыс та әкеледі. Апта аяғында достармен көңілді басқосу күтіп тұр.

Шаян

Апта бойы қызметте өсу, ұтысқа ие болу немесе көптен бері мазалап жүрген уайымнан құтылу сияқты жағымды өзгерістерге дайын болыңыз. Дегенмен, өзіңіз үшін маңызды нәрседен бас тартпаңыз. Жаттығу залына жиі барыңыз.

Арыстан

Бұл аптада көп уақытыңызды үй шаруасына арнайсыз. Жаңа жиһаздар сатып алып, баспанаңызды жаңалайсыз. Аптаның аяғында өзіңізді жұмысқа жегуіне жол бермеңіз. Демалыс күндері керемет романтикалық әсерлерге толы болмақ.

Бикеш

Апта бойы сізге жан-жақтан кәсіби ұсыныстар келіп түсуі мүмкін. Ықпалды адамдар еңбегіңізді жоғары бағалайды. Қорықпай, батыл іске кірісіңіз. Достық пен махаббатты шатастырып, опық жеп қалуыңыз да ғажап емес.

Таразы

Бәрін тастап, экзотикалық елдерге саяхаттауды армандайсыз. Бұл арманыңыз орындалмаса да, косметолог, спа-салондарға не дүкенге барып, демалыңыз. Ақшадан қысыла қоймайсыз. Сүйіктіңізге толық сенім артуыңызға болады.

Сарышаян

Жұмыста өз міндетіңізге кірмейтін тапсырмаларды орындауға тура келеді. Әзірге ақшаңызды ешқандай іске салмай тұра тұрыңыз. Сізге өз сезімін білдірушілер аз болмайды. Қандай жағдай болмасын тек өз жүрегіңізді тыңдаңыз.

Мерген

Апта бойы маңызды іскерлік кездесулер мен жаңа таныстықтар ішіңізді пыстыра қоймайды. Құр мақтауға мәз бола бермей, еңбегіңіздің лайықты ақысын талап етуге қорықпаңыз. Демалыс күндері сүйіктіңізге тосынсый жасаңыз.

Тауешкі

Жұмысыңызға қатысты сын пікірлерді естуге дайын болыңыз. Қорықпаңыз, сіз өз ісіңіздің шебері екеніңізді дәлелдейсіз. Еңбегіңіз мол табыс қана емес, үлкен абырой-бедел де сыйлайды. Жексенбіде қуанышты жаңалық күтіп тұр.

Суқұйғыш

Бұл аптадағы жаңалықтар сізді таңқалдырып қана қоймай, пайда да әкеледі. Мансабыңызға көмегі тиетін адамдармен танысуыңыз да мүмкін. Отбасында бәрі керемет. Ал өлген ескі сезімдерді қайта тірілтудің мүлде қажеті жоқ.

Балық

Бұл – сіз үшін барлық жағынан сәтті апта. Жұмыста жалақыңызды көтеруі мүмкін. Не табысты келісім жасайсыз. Махаббатта да айыңыз оңынан туғалы тұр. Демалыста туыстарды ұмытып, басқа жаққа барып демалып қайтыңыз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.