Жұлдыз-жорамал (17.09 — 23.09. 2018 ж.)

Тоқты

Апта бойы сабырлы болуға тиіссіз. Тіпті сіз жақтырмайтын адамдар сізбен бір шаңырақ астында тұрса да! Ақшаңызды тиімді іске салып, табысқа жету мүмкіндігі бар. Алыстан келетін қонақтарды күтуге дайындала беріңіз.

Торпақ

Ақшаңыз таусылып жатыр, сондықтан қол қусырып отырмай, батыл шара қабылдаңыз. Өзіңізге ұнамаса да, ұсынылған жұмыстан бас тартпағаныңыз дұрыс. Жұма күні маңызды кездесу бар. Демалыс күндері тойға барасыз.

Егіздер

Әлдебір қателік жіберіп алдыңыз, енді оны түзету үшін достардың көмегімен бір қулыққа барасыз. Жұмыста бір кедергі бар. Ал жеке өміріңізде қуанышты күндер күтіп тұр. Апта аяғында бәрін ұмытып, ертегідегідей әсерге бөленесіз.

Шаян

Сіз өте қамқор жансыз, әсіресе туыстарыңызға көмектесуге дайын тұрасыз. Бірақ, бәрін өз мойныңызға артып ала бермеңіз. Өсек-аяңға мән бермеңіз. Бәрі көп өтпей реттеледі. Демалыс күндері құрбыңызбен көңіл көтеріңіз.

Арыстан

Бұл аптада көп жұмыс істегеніңізбен, күткен табысқа қол жеткізе алмауыңыз мүмкін. Бұл сіздің салғырттығыңыздан болуы да ғажап емес. Адамның шын ниетін білмей, жақындатпаңыз. Сенбі күні қаржылық қиындықтар шешіледі.

Бикеш

Әдетте сіз қиялшыл адам емессіз. Бірақ, қазір бір көргеннен ғашық болуға дайынсыз. Бұл сізге көп қиындықты еңсеріп тастауға көмектеседі. Бейсенбі күні маңызды құжаттарға қол қоясыз. Бұл сіз үшін өте жемісті апта болмақ.

Таразы

Сіз ақыры қорқыныштың бәрін артқа қалдырып, батыл шешім қабылдайсыз. Бәсекелестеріңіздің бәрін жеңіп, жоспарларыңызды іске асыра бастайсыз. Қаржылық жағдайыңыз да жақсара түседі. Барлық жерден бақыт көре аласыз.

Сарышаян

­Өз күшіңізге күмән келтіре бастауыңыз мүмкін, бұл жақсылық емес. Егер бір іске дайын емес екеніңізді сезсеңіз, кейінге қалдырыңыз. Сүйген адамыңыз сенімнен шығуы мүмкін. Дүкенге, қонаққа барып, өзіңізді біраз «еркелетіңіз».

Мерген

Отбасында жылжымайтын мүлік пен ақшаға қатысты қиындықтар туындауы мүмкін. Көптен көрмеген адамдармен қайта қауышасыз. Бұл жақсы көңіл-күй сыйлайды. Ескі махаббатыңыз үшін бүгінгі серігіңізге опасыздық жасамаңыз.

Тауешкі

Өзіңізді, денсаулығыңызды күтіп, әлдебір жаман әдеттен арылатын сәт келді. Арықтағысы келгендерге емдәм мен спорт жақсы көмектеседі. Сүйіктіңіз сізден шаршады, оған біраз уақыт беріңіз. Демалыста достармен бас қосасыз.

Суқұйғыш

Біреу үшін алаңдап, көмектескіңіз келеді. Бірақ, араласпаңыз, өзіңіз арандап қаласыз. Жұмыста өте ауыр іссапар күтіп тұр. Сүйіктіңіз жаныңызды жиі ауыртса, ойланбай араңызды үзіңіз. Демалыс күні жаңа таныстық күтіп тұр!

Балық

Сізге қызығуға болады. Апта бойы көп жұмыс жоқ, жинаған ақшаңызды өзіңізге жаратып, уақытыңызды көңілді өткізесіз. Ұнатқан адамыңыз ақыры сезімін білдіруі мүмкін. Демалыста туыстарыңыздан жақсы жаңалық естисіз.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.