Кереғар ағымдарға қарсы күрес күшейтiлуде

Жастарға қазіргі таңда бар қауіптің жат ағымдардан келіп отырғаны анық. Татулықтың жауы – терроризмнің алдын алу, оның идеологиясының таралуына тыйым салу – баршаға ортақ іс. Бүгінгі таңда экстремизммен күрес біздің тәуелсіз мемлекетімізді де алаңдатып отыр. 1999 жылы 13 шілдеде «Терроризмге қарсы іс- қимыл туралы», 2005 жылы 18 ақпанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының қабылдануы да соның айғағы. Түркістан облысы аумағында да кереғар ағымдарға қарсы шаралар көптеп ұйымдастырылып, жиі өткізіліп тұрады. Яғни, Елбасымыз айтқандай, әлемге, күллі адамзатқа қауіп төндіріп отырған терроризммен қоғам болып бірлесе күрескенде ғана күтілген нәтижеге жетуге болады. Мұны өңіріміздегі бір ғана Қазығұрт ауданында өткен іс-шаралардан-ақ бағамдаймыз.

Расында да қоғамымызда ең өзекті мәселеге айналған терроризм және діни экстремизм асыл дінімізге, исламға да залалын тигізуде. Діни экстремизм мен терроризмнің зардаптарын түсіндіру мақсатында таяуда ауданда «Діни экстремизм мен терроризм–бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты жиын өтіп, аудан орталығындағы халық көп шоғырланған орындарда аудандық «Жастар ресурстық орталығының» мамандары арнайы дайындалған 100 дана парақшалар таратып, аудан халқын бейбітшілік пен тұрақтылыққа шақырды.

Осы орталық мамандарының ұйытқы болуымен Шарбұлақ, Қарабау, Жаңабазар, Алтынтөбе, Қ.Әбдалиев ауыл округ­теріне қарасты білім беру мекемелерінде де «Жастар діни экст­ремизмге қарсы!» атты кездесулер өтті. Ал діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы М.Халықовтың қатысуымен аудан әкімшілігі жанындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-насихаттық топ мүшелерімен, дінтану пәні мұғалімдерімен, ауыл округіндегі дін саласына жауапты мамандармен біліктілікті арттыру мақсатында семинар-тренинг өткізіліп, кездесулер соңында арнайы сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қолдауымен «Алтын орда» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен №11 колледжде 200 жастың қатысуымен «Біз экстремизмге және терроризмге қарсымыз!» атты жастар арасындағы флешмоб біздің ауданда да өз жалғасын тапты.

А.ҮСІПОВ.

 

«Қазақстан жолы» газеті, №38 (683) 13.10.2018 жыл.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.