А.Перуашев, Мәжіліс депутаты: Бiзге өзбек елiнiң тәжiрибесi үлгi болуы мүмкiн

Еліміздегі «жұмыспен қамту» ұғымының экономикалық мағынасы артта қалған. Мәселен, адам өндірген өнімін сататын жері қол- жетімді болса, өзін жұмыспен қамту да, микронесиелендіру де ақталады. Ал, тапқан табысы базарға дейінгі жолына кетсе, ондай жұмыстың ешқандай экономикалық мәні жоқ. Оның үстіне Қазақстанда логистикалық шығындар кез-келген шағын өндірісті жойып жіберуге қауқарлы.

Микронесиелендіру  жаңалық ретінде Бангладеште пайда болды. Ал онда халықтың тығыздығы бір шаршы шақырымға 1142 адамнан келеді. Яғни олар өз өнімдерін дәл үйінің жанында тұрып-ақ беймарал сата алады. Ал, бізде халықтың тығыздығы бір шақырымға 6 адам, яғни 190 есе аз, және микро-несиелендірудін тиімділігі де дәл осындай мардымсыз.

Бұл жағынан бізге өзбек елінің тәжірибесі үлгі болуы мүмкін. Олар шалғай ауылдардағы кәсіпкерлерді салықтан мүлдем босатқан. Егер микронесиелендіру ірі қалаларда өзін ақтайтын болса, ал қалалық агломерацияның сыртында ол экономикалық емес, тек әлеуметтік құралға, қайырылымдылыққа жатады.

Бізде қалай, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың критерийі бұлыңғыр болғандықтан, бұл топқа қаражаты жоқ адам да, қолда бар табыстарын әдейі жасыратын адамдар да кіруі мүмкін.

akzhol.kz

 

«Қазақстан жолы» газеті, №38 (683) 13.10.2018 жыл.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.