С.ӘБІКЕНҰЛЫ, қаламгер:…көкейдi тазалау керек-ау…

Экологияға қатерлі пакеттер жайлы оқимын да қайран қаламын, ә?

Негізі адамның қарым-қатынасы да осы пакеттер секілді «одноразовый» боп кетті ғой… Бір реттік жиындарда көпіріп сөйлейміз, нәтиже жоқ, бір адамға көрсетуге бір күндік зауыттар ашамыз, жабылып қалады, жарнамасына жер жарғызып бір сәттік бағдарлама қабылдаймыз, құрдымға кетеді, одноразовый оқулықтар шығарамыз, ұрпақ уланады, бір көрерлік сериалдарға телміріп жылап, ертеңінде ұмытып кетеміз… Бұларды да, оларға кеткен ақшаны да. Тарих толқынының шуларын, ұлттық ұстанымның шыңдарын «одноразовый» продюсерлердің шоулары басып қалды. «Одноразовыйлық» саясат адамзатқа абырой әкеле ме?

Ақылы бар елдер пакетке тыйым салып жатыр, күрес басталды. Олар көшесін тазалап жатыр, бізге ең әуелі көкейді тазалау керек-ау…

Alashainasy.kz

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.