М.ТОҚАШБАЕВ,қаламгер: Оның бiрi – антипатриотизм және екiншiсi – коррупция

Органдарда адал, намысты жігіттердің барына күмән жоқ. Бірақ Қазақстан полициясының сонау ақ патша заманынан, кешегі кеңестік кезеңнен бері үзбей жалғасып келе жатқан жазалаушылық функциясын халыққа қызмет ету функциясына алмастыру өте өзекті мәселе екені рас. Бірнеше жылдан бері осыны қадап айтып жүргендіктен мына жаңалық мені қуантты.

Бірақ органдарда үлкен екі проблема бар. Оның бірі – антипатриотизм (мемлекеттік тілге пысқырмаушылық, екі жігіт төбелессе қазағын қыспаққа алу, ақша бергеннің сөзін сөйлеу, жазықсыз екенін біліп тұрып қамай салу, өз құзіретін асыра пайдалану, т.б.) және екіншісі – коррупция.

Кейбір рейтингтік агенттіктер полицияны ең коррупцияшыл органдар қатарына жатқызады. Осы екі проблема шешілмей, полициядағы реформа аяғына жетуі неғайбыл деп ойлаймын.

«Ф»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.