ЖАТ АҒЫМ ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Еліміздің болашағы – жастар. Бірақ сол жастарымыздың кереғар ағымның құрбаны болып жүргені қынжылтады. Оның бірнеше себептері де бар. Біріншіден, дінге жаңадан бет бұрып келе жатқан жастарымыздың дін турасындағы таным-түсінігі, білім-білігі төмен.

Екіншіден, жастарымыз интернет, әлеуметтік желілер арқылы деструктивті ұйымдардың уағыз-насихаттарына, алдап-арбауына жиі ілігеді. Сондықтан жат ағым жетегінде кетудің алдын-алу үшін әлеуметтік желілерді бақылауға алған жөн. Бұл шараға еліміздің әрбір азаматы атсалысуы қажет.

Өйткені, жастарды деструктивті діни ағымдардың арбауынан сақтау–маңызды іс. Жастар мен жасөспірімдер арасында діни экстремизм мен теріс ағымдардың идеологияларына қарсы иммунитет қалыптастыру жұмыстарын да жүйелі жүргізу қажет. Бұл жұмыстар Түркістан облысы аумағында да мейлінше жандандырылып келеді. Облыс аумағында ұйымдастырылған барша кездесулерде өңіріміздің дінтанушы мамандары жастарға экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беріп, оның себептері мен зардаптарын барынша ұғындыруға тырысуда. Еліміздегі діни ахуал, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың, ұстаздардың міндеттері де кеңінен талқыланып жатыр.

Мұндай «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары таяуда Қазтелеком мекемесінде, Созақ ауданындағы Шолаққорған ауылдық округіндегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, Таукент кенті «Таукент гүлдері» бөбекжай балабақшасы қызметкерлерімен, Таукент кенті мәдениет үйінде елді-мекен тұрғындармен, Шолаққорған ауылдық округі аудандық емхана қызметкерлерімен өткізілді.

Осынау шараларда қоғамда діни экстремизм идеяларының таралуының алдын алу және дін атын жамылған деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қаплыптастыру мәселелері талқыланып, ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүр мен ұлттық құндылықтар негізінде жастарға кеңестер беріліп, дін мамандары тарапынан бірқатар сұрақтарға жауап берілді. Расында бұл кездесулердің жастардың сапалы білім алуына, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, патриоттыққа, шығармашылыққа ұмтылып, эстетикалық дүниетанымы мен ой-өрісінің кеңеюіне, діни танымының артуына ықпалы зор.

«Қазақстан жолы» газеті, №44 (689) 30.11.2018 жыл.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.