СҮТ ЖАЙЫНДА БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

Жаңа сауылған сүттің дәмі жағымды, тәттілеу болады, қаймағы алынбаған сүт көк сүттен дәмді келеді. Қаймағы алынбаған сүттің түсі ақшыл-сары, ал майынан ажыратылған сүт көкшіл келеді. Сүт 100,2ОС температурада қайнап, 0,54-0,58ОС салқын температурада қатады.

Сүтті пісіргеннен кейін оның бетіне кілегей  қабық пайда болады. Ол белоктардан, май мен минерал тұздардан тұрады. Ал егер қайнаған сүтті ыдыстан ауыстырып, басқа ыдысқа құйғанда ыдыстың түбінде, кейде қабырғаларында да қаспақтар қалады. Бұл сүттің тұнған белогі.

Сүт күнделікті тағамдарына айналмаған елдердегі адамдардың ағзасында лактозаның жетіспейтіндігі байқалған дейді мамандар. Мәселен, тайланттықтардың 97%, эксимостардың 88%, кипрліктердің 82% сүт іше алмайды екен.

Сиыр сүтінде лактозадан басқа 0,3 пайызға жуық күрделі заттар болады. Құрамына сүт қанты, басқа да қанттар мен азотты қышқыл енеді. Бұл заттар әсіресе балалардың өсіп жетілуі үшін қажет. Атап айтқанда, олар бифидумбактерияларының өсіп жетілуіне керек-ақ. Ал бұл бактериялар емшектегі балалардың ішектеріндегі барлық микрофлоралардың 90 пайызына жуықтайды. Олар ауру тудыратын микроорганизмдерге қарсы әрекет ете отырып, бифидиум-бактериялары бүлдіршіндер ағзасын жұқпалы ауруларан сақтайды. Сүтте өсіп келе жатқан жас ағзаға қажеттінің бәрі кездеседі.

Сүт қайнатқан кезде, ыдыстың бетін жауып қойса, витаминдер жақсы сақталады. Оқтын-оқтын ыдыстың қақпағын ашып, металл сыдырғышпен түзелген көбікті араластырып отыру керек.

Мөлдір шыныдан жасалаған шөлмектер сүт сақтауға аса қолайлы емес. Күн сәулесінің әсерінен онда күрделі фотохимиялық рекациялар болады. Мәселен, төрт сағатта С витамині толығымен жойылады. Күннің сәулесі әсерінен басқа да ағзаға қажетті кейбір дәрумендер мен заттар қасиеттерін өзгертеді. Қарақошқыл шыныдан жасалған шөлмектерді пайдаланған кезде С витамині 48 сағатқа дейін сақталады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.