М.Қазбекова, Мәжіліс депутаты: …бұл тек мәселенің бір ұшы ғана

Қазір жер-жер­лердегі кішкентай басшы­лар­дың өздері, колледж бен облыстық филармония директорына дейін тамаша джиптер мен седандар сатып алады. Әкімдіктерді айтпа­ған­ның өзінде жағдай солай. Биыл мемлекет есебінен тұрғын үй саласын­дағы жеңілдіктерді пайдалану­дың заңсыз фактілері анық­талуда. Жақында ғана Павлодарда бағасы 50 миллион теңге тұратын пәтердің және жалпы сомасы 226 млн. теңге болатын қолайлылы­ғы жоғары бес пәтердің сатып алынуына қатысты дау шықса, бұл жағдайдың біреу емес екені анық, бұл тек мәселенің бір ұшы ғана.

Атырау қаласының әкім­дігі жиһазы бар бес бөл­мелі тұр­ғын үйді 58 млн. теңгеге сатып алған.

Ақсай қаласында аудан әкімінің зәулім үйін жөндеу үшін бюджеттен 24 млн. теңге бөлінген. Жамбыл ауданының әкімі кең паркингі бар, аумағы 180 шаршы метр баспананы 35 миллион теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Сол Ұзынағаштағы ең қымбат коттедж 20 миллион теңгеден аспайды. Кейбір шенеуніктердің ештеңеден бас тартпай, керемет өмір сүруге ұмтылуы сын тудыратыны анық. Шенеу­ніктердің өздері тұратын объектілерді жеңіл­дік­пен жекешелендіріп алатынын да жоққа шығаруға болмайды.

                                                                                                                                                            Baq.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.