ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

* Адамның миы 1 000 000 Гб ақпаратты сыйғыза алады. Мұндай жады көлемі 3 млн. сағаттық бейнежазба жасауға жеткілікті және оны көріп шығу үшін 350 жыл қажет болады.

* Тарихтағы ең қымбатқа сатылған өнер туындысы – Леонардо да Винчидің «Әлем құтқарушысы» картинасы. Оны Абу-Даби әмірлігінің Мәдениет және туризм департаменті 450 300 000 долларға сатып алған.

* Бүкіл әлемде бүгінге дейін биіктігі 150 метрден асатын 4280 зәулім ғимарат салынған. Мұндай ғимараттарының саны жағынан Қытай (1672) мен АҚШ (740) көш бастап тұр.

* Әлемдегі ең ірі қазына 2011 жылы Үндістандағы Керала штатының Тривандрам қаласындағы храмның жерасты қоймасынан табылған. Ондағы алтын құймалар мен алтын бұйымдар 22 млрд. долларға бағаланған.

* Туристерден ең көп пайда көріп отырған қалалар – Дубай (жылына – 28,5 млрд. доллар) және Нью-Йорк (жылына – 17,020 млрд. доллар).

* Мемлекетті ең ұзақ басқарған адам – Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета. Ол тақтан 66 жыл бойы түспеген.

* Әлемдегі әлеуметтік желі қолданушыларының саны – орта есеппен 2,078 миллиард адам, бұл жалпы Жер тұрғындарының 29%-ы.

* Әлемдік мұхиттың деңгейі жыл сайын шамамен 3,4 мм-ге көтеріліп отырады. Ал өткен жылы ол 20 см-ге көтерілген.

* 13,5 млн. доллар – тарихтағы бопсалаушыларға төленген ең ірі құн. Бұл сома 2011 жылы Irene SL танкерін басып алған сомалилік қарақшыларға төленген. Ал танкердегі 2 млн. баррель мұнайдың бағасы 200 млн. долларға бағаланған.

* Ең ірі мұнай қоры Венесуэлада. Онда 300,9 млрд. баррель немесе 47 млрд. тонна игерілмеген мұнай бар (дүниежүзіндегі мұнайдың 17,7%-ы).

* Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қызмет көрсету және құрылыс саласында жұмыс істейтіндердің 85 пайызы – басқа елдерден келіп, несібесін тауып жүргендер. Ал жергілікті тұрғындар мемлекеттік мекемелерде, сот органдарында, халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдардың басшы лауазымдарында еңбек етеді.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.