6 ЖАСАР ЕГІЗДЕР ҮЙЛЕНДІ

Таиландта алты жасар егіздің сыңарлары Гитара мен Кивиді ата-анасы ұлан-асыр той жасап, үйлендірді. Дәстүр бойынша, күйеу жігіт қалыңдық үшін 20000 бат (шамамен 2 млн. теңге) қалыңмал төлеп, «жас жұбайлар» неке сақинасымен алмасты.

Егіздердің ата-анасы балаларының өткен өмірінде бір-біріне ғашық болып, қосыла алмағанына, сондықтан осы өмірінде бірге болу үшін егіз болып туылғанына сенімді. Будда ілімі бойынша, мұндай балаларды үйлендіру арқылы өткен өмірінің ауыр жүгінен құтқаруға болады екен. Ал егер үйленбесе, бүкіл өмірі ауру-сырқау мен кедергілерге толы болады-мыс.

Әрине, бұл неке заңды болып саналмайды, сондықтан олардың болашақта өз қалағандарына үйленуіне ешқандай кедергі келтірмейді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.