ЖАН КОСОБУЦКИЙДІҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

QAZAQJOLY.KZАса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкийдің (8-0, 7 КО) кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы анықталды. 30 жастағы қазақстандық 29 қаңтар Мискте өтетін бокс кешінде алты раундты жекпе-жекте жұдырықтсады. Кособуцкийдің қарсыласы 29 жастағы Босния және Герцеговина боксшысы Срджан Говедарица (6-6, 5 КО).
Еске салайық, Кособуцкийдің карьерасы былтыр қыркүйекте басталды. Қазақстандық кәсіпқой рингте өткізген сегіз жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған. Боксшы Беларусьте алты рет, Украина мен Ресейді бір-бір реттен жұдырықтасқан.
Минскте өткен соңғы жекпе-жегінде Кособуцкий жергілікті Александр Нехайчикті техникалық нокаутпен жеңген.

АҚПАРАТ көзі: kaz.vesti.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.