Нұр сәулесін шашқан жұлдыз

Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Мемлекет және қоғам  қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығына орай «Нұр сәулесін шашқан жұлдыз» атты еске алу шарасы өтті.
Сұлтанбек Қожановтың ел мүддесі жолындағы азаматтығы асқақ дара жолын насихаттай отырып, ұрпақ бойына патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шара тұлғаның рухына тағзым етіп, ескерткішіне  гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды. Жиынға қатысқан Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері мен зиялы қауым өкілдері және мәдениет қызметкерлері мен мектеп оқушылары  Сұлтанбек Қожанов жайлы бейнематериалды тамашалап, есімі ерекше әріппен қалған ел құрметтісі жайлы тың деректер тыңдады.
Ақын,  жазушы  Н.Назаров,  тарих ғылымдарының кандидаты З.Жандарбек, тарих ғылымдарының докторы Тұрсын Хазіретәлі, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, еңбек ардагері,  С.Қожановты зерттеуші Б.Мұсабековтер естеліктерімен бөліссе, ақын – Зейнолла Еркебалаев пен жас ақындар С.Қожановқа арнаған туындыларын оқыды.
Ұлт-азаттық қозғалысы мен Алаш үкіметін құру кезеңдерде қазақтан көптеген ұлттық күрескерлер, жолбасшылар шыққаны белгілі. Халқымыздың нағыз қамқоршысы болған Сұлтанбек Қожанов Тәшкенде, Мәскеуде қызметте болғанда оқу іздеген қазақ жастарына көмектескен.
Ұлы тұлғаның мемлекеттік ірі шаруаларымен бірге адамгершілік, достық, парасаттылықтың ізгі қасиеттері болғандығы бүгінгі ұрпаққа үлгі — өнеге.
Биылғы жыл Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығы. Осы айтулы мерейтой бүгін облыс орталығы – Түркістанда әрі қарай да жалғасын табады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.